Химия пәнінен 8 сынып оқушылары арасында “Хим Баттл” интеллектуалдық сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
І. “Бәйге” Сұрақтарға бірінші жауап берген оқушыларға ұпай үлестіріліп отырды.
ІІ. «Биік шың» кезеңінде әріптерден химиялық элементтер аттарын құрастыру, ең көп құрастырған топ жоғары ұпайға ие болды.
ІІІ. “Ғажайып ұяшықтар” кезеңінде тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді.
IV. “Тәжірибе - таным көзі” кезеңінде оқушылар берілген химиялық заттармен тәжірибені қызығушылықпен орындады.
Сайыс соңында 8”Ә” сыныбы өз білімдерін жақсы көрсетіп жүлделі І – орынды иеленді.