"М. Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ 10Б сынып оқушысы Нұрмағамбетова Алина «Жыл оқушысы» байқауына қатысты, қалалық, облыстық және Республикалық кезеңдерде 1 орын алып, 2022 жылдың үздік оқушысы атанды. Байқау 3 кезеңде өтті. Бірінші кезең-қалалық байқауда өзін-өзі таныстыру, тақырыптардың біріне эссе жазу, өмірбаянын ұсыну. Екінші кезең-облыстық байқауда қалалық кезеңнің жеңімпаздары өзін-өзі таныстыруы, эссе жазуы, өмірбаянын, түрлі бағыттар бойынша жетістіктері бар портфолиосын ұсынуы. Әрі қарай шешендік өнерін көрсету. Үшінші кезең-жоғарыда айтылғандардың барлығын республикалық кезеңге ұсыну. Алинаны құттықтаймыз, мақсатқа жетуде одан әрі табыс тілейміз. Жетекшісі: Чернова Екатерина Николаевна.