2022 жылы 26 қазанда облыстың инновациялық және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану- математикалық цикл пәндері бойынша «Жоғары лига» облыстық олимпиадасы өткен болатын. Оқушылар математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейдің оқушылары ұйымдастырылған облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

I орын
Каримова Аида- биология . Мұғалімі: Каримова Г.К.
Амангелді Дана- география. Мұғалімі: Ахманова А.Н.

II орын
Әлмен Ақжол- биология. Мұғалімі: Жанзахова С.Е.
Сабыржан Ілияс- математика Мұғалімі: Хаиржанова А.А.

III орын
Сұлтан Диар- физика. Мұғалімі:Сабыр Т.Е.

Жоғары лига» облыстық олимпиадасының жүлдерлері Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне өтті.
Оқушыларымызға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған пән мұғалімдері мен оқушыларымызды құттықтаймыз!