2023 жылдың 13 мамырында сағат 12:00-де «9 ай – 9 іс-шара» аясында «Жасыл мекен» республикалық челлендж өткізілді. Челлендждің мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және балаларды еңбексүйгіштікке баулу. «Жасыл мекен» челленджі оқушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. «М.Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицейі» КММ-де өткен челленджге 25 мұғалім, 120 оқушы, 28 ата-ана қатысты. Челлендж нәтижесінде 10 пирамидалық терек, 16 сирень, 16 қарағай, 5 қайың, гүлдерден - кана, қырмызы егілді.