Бүгін мектебімізде СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Саутпекова А.Е. жетекшілігімен “Жалған терроризм”, “Буллинг”, “Лудомания”, “Электрондық темекі”, “Нашақорлыққа тәуелділік”, «Жолда жүру ережелері» және т.б. тәртіп және құқықбұзушылық мәселелері бойынша 5,6,8,9 сыныптарға әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау. Оқушылар әңгіме барысында сұрақтар қойып, маманның жауаптарын ой елегінен өткізді.