1 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 0-4 сыныптар арасында «Жас жұлдыздар 2024» талант шоу атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – оқушылардың шығармашылығын арттыру, өздерін басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік беру және шынайы талант иесін іздеу. Өнер бәйгесінің қорытындысы бойынша, әділқазы алқалары оң шешім шығарып, байқау жүлдегерлері алғыс хаттармен ,жүлделі орындармен марапатталды.