Біздің мектебімізде 16 сәуірде жаратылыстану апталығы аясында «Жанды карта» атты ерекше әрі танымдық ойындар ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде 5–11-сынып оқушылары қызықты географиялық тапсырмаларды орындап, білімдерін шыңдады.
Оқушылар картаға садақпен атып, түскен нүкте бойынша елді, астанасын анықтап, сол мемлекет туралы қызықты деректер айтты. Бұл – зейін, логика және есте сақтау қабілетін дамытатын ойын болды.
Сонымен қатар, олар Қазақстан картасын облыстарға бөліп, жылдамдыққа жинау сайысына қатысты. Қызығушылықпен және командалық рухпен өткен бұл іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жай ғана үзіліс емес — нағыз танымдық саяхат!