Жаңа жыл - әрбір үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бұл күнді әсіресе, періште көңіл сәбилер асыға күтіп, таңғажайып тосын сыйлықтармен күтеді. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз.
27-желтоқсан күні мектебімізде мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сыныптарына «Жаңа жыл-Жаңа белес,жаңа мақсат» тақырыбында Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Шарамыздың басты мақсаты балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, оқушылардың көңіл-күйін көтеру, түрлі іс-шаралар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу болды.