Жалпы білім беретін пәндер бойынша Пәндік олимпиаданың республикалық кезеңіне Мағжан Жұмабаев атындағы IT- мектеп- лицейдің 11-сынып оқушысы Коспанова Салтанат Қазақстан тарихы пәнінен қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Салтанат осы оқу жылында Ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне қатысып, Мақтау қағазымен марапатталған болатын. Салтанатты қос жеңісімен құттықтап, өмір жолы ақ болуын тілейміз! Биік белестерді бағындыра бер, Салтанат! Жетекшісі: Целуйко Наталья Фёдоровна. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!