Жаңа жыл-бұл балалар ғана емес, ересектер де жақсы көретін тамаша мереке. Желтоқсан айының ортасында "М.Жұмабаев атындағы IT- мектеп-лицейі" КММ-де «Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауы өтті. Сыныптар өте әдемі безендірілді. Ең үздік безендірген сыныптар анықталып сыйлықтармен марапатталды.
Мектебімізде желтоқсанның 27-28 күндері 5-11 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Жаңа жыл мерекесі бастауыш сыныптарда Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының ұйымдастыруымен өтті.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11сынып оқушылары белсене қатысты.
9-11сыныптар да Жаңа жыл Мерекелік бағдарлама Голливуд стилінде жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.