8 мамырда Петропавл қаласында соғыстан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет еткен ҰОС ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп – лицей» КММ «Жас сақшы» сыныбы қатысты. Қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт болашақ үшін күрескендерге алғыстарын білдірді.