20 наурыз күні Магжан Жумабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде *Ұлттық спорт күні* аталып өтті. Әр сыныпта мерекелік көңіл-күй орнап, оқушылар кабинеттерін ұлттық өрнектермен және көктемнің символдарымен безендірді. Балалар асық ату, арқан тартыс, тобық жасыру сынды дәстүрлі ойындарда бақ сынасты. Спорттық жарыстарда оқушылар ептілік пен күш-қайраттарын көрсетті. Кейбір сыныптарда қазақ мәдениеті мен ұлттық спорт тарихына арналған викториналар өтті. Мұғалімдер оқушыларға ата-бабамыздан мирас болған спорттық дәстүрлер туралы қызықты мәліметтер айтты. Сондай-ақ, оқушылар батырлардың шыдамдылық пен күш арқылы тәрбиеленгені туралы көріністер қойды. Мектеп дәліздерінде қазақтың әсем әуендері ойнап, мерекелік атмосфера орнады. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен бір-біріне жақсы тілектер айтып, мейрамның шаттығын сезінді. Ұлттық спорт күні– Наурыз мерекесінің жарқын және есте қаларлық сәттерінің бірі болды!