14 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тіл күнін мерекелеуге арналған онкүндік аясында «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Шақырылған қонақтар: Әбілев Бейбіт Айтанұлы – Солтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрайымы, Смаилова Дариға Өмірқызы – «Жастар ассамблеясы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің басшысы, Светлана Дмитриевна Баева – Солтүстік Қазақстан облысы «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласындағы облыс әкімінің аппараты қызметін талдау және мониторинг бөлімінің жетекші сарапшысы, Кинцель Евгений Юрьевич - «Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы» «Жандану» ҚБ төрағасы. Іс –шараның мақсаты оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету, оқушылардыңтілдерді оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту болды. Диалог алаңы ұйымдастырылып, оқушылар ассамблея қызметі мен тіл үйренуге байланысты сұрақтар қойды.