29-30 қараша аралығында Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде 5-11 сыныптар арасында «Талант Шоу» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – оқушылардың шығармашылығын арттыру, өздерін басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік беру және шынайы талант иесін іздеу. Өнер бәйгесінің қорытындысы бойынша, әділқазы алқалары оң шешім шығарып, байқау жүлдегерлері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.