27 желтоқсанда «М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі» КММ-де «Ашық алаң» жобасы аясында 9-10 сынып оқушыларының қаламыздың табысты адамдарымен кездесуі өтті. Табысты адамдармен кездесу іс-шарасының идеологиясы жас ұрпаққа өзінің кәсіби қызметінде биіктерге жете алған адамның «сәттілік формуласын» түсінуге мүмкіндік береді.
Іс – шараның тақырыбы: «Табысты адам-гүлденген Қазақстан». Мақсаты: жастардың назарын біздің елімізде болып жатқан заманауи өзгерістерге қатысуын түсінуге аудару, мамандық таңдауда мақсатқа ұмтылу мен дұрыс жол таңдауды қалыптастыру.
«Ашық алаңға» қатысқандар:
1.Ысқақова Ризагүл Қылышбекқызы-мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, жеке кәсіпкер, «Сұлу» киім салондарының желісі;
2.Қожахметова Вильдана Багодатовна-мектептің Қамқоршылық кеңесінің өкілі, жеке кәсіпкер, «Вильдана»сұлулық салоны;
3. Таева Зарина Айратқызы-мектептің Қамқоршылық кеңесінің өкілі, жеке кәсіпкер.