Сәуір айының 03-15 жұлдызы аралығында Сырға толы сырлы әлем атты ғылым онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің алғашқы аптасында оқушыларды таңертең қарсы алып, қызықты викториналар мен сұрақ жауап ойындары өткізілді. Қоңырау кезінде химия, биология, география пәндеріне байланысты ойындар өткізіліп, оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды. Жоғары сынып оқушылары химиялық көрнекі эксперименттерді көрсетті. 6 сыныптар арасында “Жас орнитологтың жұлдызды сәті”, 8сыныптар арасында “Познавательная биология”, 9сыныптар арасында “Қызықты биология” тақырыбында сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.