2023 жылдың 31 қаңтарында Оқушылар сарайында "спикер жолы"атты ашық мотивациялық тренинг өтті.Іс-шараның спикерлері Арманов Рүстем және Тұрсынов Бақытжан болды. Пікірталас тарихы,өмір мен мансап дағдылары және т.б. сияқты барлық маңызды мәселелер талқыланды.Аталған тренингке "Болашақ"пікірталас клубының оқушылары қатысты. Оқушылар қызығушылықпен сұрақтар қойды. Іс-шара жанды қарым-қатынас және өзара қызығушылық форматында өтті. Осы іс-шараларды өткізу пікірталас қозғалысының дамуына ықпал етеді.