13 қыркүйекте «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ-де тіл апталығы аясында оқушылар сөздерді дұрыс айтуға арналған «Spelling Bee» сайысына қатысты. Байқау барысында оқушылар сөйлеу мазмұны бар ойындарға қызығушылық және ықылас танытты. Бұл шара оқушылардың ой-өрісін, зейінін, сауаттылығын арттыруға ықпал етті. Олар жаңа білім алуға ынталылық, табандылық пен тапқырлық танытты. Қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды.