Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік. Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі-шаш, шаштың көркі шаштеңге деп қараған. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүлебіл шаш деп, өріміне қарай "жалғыз бұрым", "қос бұрым" деп бөлінеді. Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. Қазақ халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары да бар. "Шашыңды қима", "Шашыңды жайма", "Шашыңды отқа тастама" деген тыйымдар, "Шашың кесілсін" деген қарғыстар бар. «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейде» Шаш үлгісі, шаш күтімі жайлы не білеміз? атты 7-8 сынып қыздары арасында сайыс өтті. Мақсаты: Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Сайысқа 12 қыз қатысып, ішінде 8а сынып оқушысы Мұхтарова Сабина 1 орынға ие болды. Мектебіміздің Әжелер клубы сайыста әділқазы болып, шаш күтіміне байланысты пайдалы кеңестерімен бөлісті және ақ бата берді.