«Шаңырақ күні» мерекесіне орай Петропавл қаласында орталық алаңда өткен"Өнегелі отбасы" байқауына бірнеше отбасы қатысып, М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейдің ата-аналары Бекмехановтар әулеті 1 орын иемденді.Сайыстың мақсаты отбасының ынтымақтастығын нығайту,салт дәстүрімізді дәріптеу.Сайыс өте қызықты және тартысты болды,оның ішінде:өнер көрсету,салт дәстүрге байланысты сұрақ жауап,отағасы құймақ жеуден, балалар бауырсақ жеуден жарысты.Болашақта отбасылық жарыстар көп болса,келер ұрпаққа пайдасы зор.