2024 жылы 12 сәуір күні шахматтан «М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейде» республикалық челлендж өтті. Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту және балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыру.