2023 жылдың 20 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде "Болашақ" дебат клубының қатысуымен "Пікірсайыс - жетістікке жеткізудің бірден бір құралы" атты тренинг өткізілді. Бұл іс-шараға дебаттың қыр-сырын жетік білетін Digital Urpaq пікірсайыс орталығының жетекшісі Тұрсынов Бақытжан Саматұлы қатысты.Іс шара барысында балалардың көкейінде жүрген сұрақтар қойылып,біраз сұрақтар шешімін тапты. Бұл іс-шараның мақсаты:балаларды адамгершілікке тәрбиелеу өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,жұрт алдында еркін сөйлеуге үйрету.Осындай іс-шаралар болашақта көбінен болады деген сенімдеміз.Бақытжан Саматұлына өзінің тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз.