2024 жылдың 19-қыркүйегінде «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ-де 7-8 сынып ата-аналарына «Отбасы мен мектеп – білім берудегі серіктес» тақырыбында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.
Бұл кездесу ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналардың бала қауіпсіздігі мәселелері бойынша педагогикалық сауаттылығын және күнделікті тәртіпті сақтаудың маңыздылығын арттыру. Жиын басында директордың оқу-ісін басқару жөніндегі орынбасары Бектеміров Мейрам Илтайұлы кіріспе сөз сөйледі.
«Жасөспірімдердегі ұйқы: академиялық және мінез-құлыққа әсері». Мектеп психологтарының жұмысы туралы мәлімет. Осы мәселе бойынша педагог-психолог Әсем Абылайқызы Молдабаева сөз сөйледі. Құқық бұзушылық пен қылмыстың, бұзақылықтың алдын алу. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Муканова Динара Ерсайқызы.
Бірыңғай білім беру бағдарламасымен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Екатерина Николаевна Чернова таныстырды. Мектеп формасын сақтау ережелерін де айтылды. Кездесу соңында сынып жетекшілері ата-аналармен оқушыларды қосымша жұмыспен қамту туралы әңгімені жалғастырды. Қойылған сұрақтарға жауап берді.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие