“Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық” – дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де сарқылмас бұлағы. Қолөнер көркемдік мән – мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.
Бүгін, 2024 жылдың 1 ақпан күні “М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейде” көркем еңбек мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар мен мұғалімдерге қолөнер бойынша шеберлік-сынып өткізілді.
Шеберлік -сыныптың мақсаты: қатысушыларды ұлттық өнерге баулу, киізбен жұмыс істеу технологиясымен таныстыру.