8 ақпан мектебімізде достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлау,отбасылық құндылықтарды дәріптеу, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында «Өнеге сағаты» өтті. Әжелер кеңесінен Сауле Ережеповна мен Турсын Кабимоловна қатысып, ғибрат сөздерімен бөлісті, оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар отбасы құндылықтарына байланысты бейнебаян тамашалап, өз ойларымен бөлісті.