Жиналысқа әр сыныптан 2-3 өкіл қатысты. Нәтижесі: 120 ата-ана.
Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Емтихандарды сәтті тапсыру үшін сынып жетекшілер, ата-аналар және пән мұғалімдері қолайлы жағдай жасасын; Жауапты: 9,11-сынып жетекшілері, ата-аналар, пән мұғалімдері
2. Әртүрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлердің ата-аналарына алғыс білдіре отыра, жаңа оқу жылында оқушылардың зияткерлік және шығармашылық конкурстарға белсенді қатысуына қолдау көрсетілсін; Жауапты: ата-аналар, сынып жетекшілері
3. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді өткізуін және олардың өмірі мен қауіпсіздігін бақылау жауапкершілігі ата-аналарға жүктелсін; Жауапты: ата-аналар
4. Оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғастырылсын. Жауапты: директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары