Құрметті М. Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің мұғалімдері, ата-аналары мен оқушылары! «Оқитын мектеп» жобасын іске асыру аясында біздің мектептің кіші және үлкен блоктарынының екінші қабаттында Буккроссинг ұйымдастырылды. Мұнд Сіздреге үш тілдегі ең қызықты деген әдебиеттер ұсынылған. Сіз оқу үшін кітап алып, оның орнына басқасын қоя аласыз. Оқығаннан кейін кітап қайтадан сөреге оралады. Буккроссингтің мақсаты бірегей және жаһандық - бүкіл мектепті кітапханаға айналдыру. Ұраны – «Оқыдың ба -басқаларға айт!», оның мәні - кітаптардың бірін оқыған оқырман, ол туралы екінші адамға айтады, қызықтырады отырып сол кітапты оқуды ұсынады.