Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу аясында «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» КММ-де «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайысы өткізіліп, 8-11 сыныптар аралығында 7 команда қатысты. Білгірлер тарих бойынша өз білімдерін көрсетті, негізгі ойынның 8 сұрағын және блиц-турнирдің 6 сұрағын ойнатты. 1 орынды 11-сынып құрамасы, 2 орынды 10 «Б» сыныбы, 3 орынды 9 «Д» сыныбы иеленді. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!