Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде 7-11 сыныптар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында 2022 жылғы 7 қыркүйек күні сағат 11.00-де мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.