«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,
оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»
Г. Галилей
оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»
Г. Галилей
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Осы орайда Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейде 1- тоқсан қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес боп өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы – «Мұғалімнің кәсіби стандарты – мектептің оқу бағдары».
Креативті түрде ұйымдасқан педагогикалық кеңестің бірінші бөлімінде ұстаздар 5 топқа бөлініп, «Педагогтың кәсіби стандарты» тақырыбын талқылады. «Ата – анамен жұмыс», «Цифрлық құралдар», «№ 125 бұйрық», «Келіспеушілікті басқару», «Оқушыларды жігерлендіру» тақырыптарында топтар жұмыс жасады. Педкеңестің екінші бөлімінде әр топ өз сұрағын талдап, қорғады.
1-тоқсан қорытындысы бойынша оқу ісінің меңгерушілері М.И.Бектемиров, М.Т.Бакеева сөз сөйледі. Білім сапасы мен үлгеріміне байланысты сұрақтарға жауаптар берілді, сараптама жасалды.
Оқу ісінің меңгерушісі Ж.И.Жамулдинова «Мектепішілік бақылаунәтижесі- оқу үрдісінде сараланған тәсілдерді қолдану бойынша сабақтарды талдау» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Үш топқа бөлінген педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог – сарапшы ұстаздарға білім беру үрдісінде сараланған тәсілдерді қолдану бойынша сабақтарды талдаудың әдістерін, өз тәжірибелерімен бөлісуді ұсынды. Осы мәселелер бойынша әр топ ұстаздары өз ойларын ұсынды.
Педагогикалық кеңес соңында оқу ісінің меңгерушісі А.А.Баязитова педкеңестің шешімін оқып, алға қойылған мақсаттарды айтып өтті.