"Мейірімділік әлемді құтқарады" деп халық даналығы айтқандай 1 наурыз – «Алғыс айту күні» аясында Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде Ғ.Мүсірепов атындағы балалар - жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп, 5Г және 5Д сынып оқушыларына арналған "Алғыс шын жүректен шығады" атты мейірімділік іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шарада командалар жарысқа түсіп, өз тапқырлықтарын көрсетті. Жеңімпаздар командасы дипломмен марапатталды.