Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейде «Балақайлар мектебі» аясында болашақ бірінші сынып оқушыларымен мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтарды қызықты жүргізуде. Қоршаған орта сабағында туыстық атауларларына пазлдар жинап, "Менің отбасым" атты әңгіме жүргізді. Математика негіздері сабағында 1 санын бояп , іздерді бастыра жазды. Сандарды тура , кері орналастырып, тізбекте орнын табуға байланысты тапсырмалар орындады. Сурет сабағында "Көңілді жаз" такырыбында сурет салса, дене шынықтыруда эстафеталық ойындар ойналды.