Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейде Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында барлық сыныптарда "Менің Отаным – Қазақстан"тақырыбында сынып сағаттары өтті, Сынып сағаттары әртүрлі интерактивті формада өтті.
Оқушылар өздерінің туған өлкесі, Қазақстан Республикасы, мемлекетіміздің тарихы, ҚР Мемлекеттік рәміздері , Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетті, танымдылығын кеңейтті, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларда патриотизмді, ұлтаралық келісімді, рухани-адамгершілік қасиеттерді, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.