2023 жылдың 1 ақпанында «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде» 7 «Ә» және 7 «Д» сыныптары үшін «Менің көзқарасымдағы-менің сыныбым »тақырыбында сынып ұжымын біріктіруге арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты сынып ұжымын біріктіру; қолайлы психологиялық климат құру, тұлғааралық қатынастардағы кедергілерді еңсеру, коммуникативтік дағдыларды дамыту болды
Алдымен біз тренинг ережелерін еске түсірдік. Қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Содан кейін оқушыларға ережелер жазылған презентация слайд көрсетілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талқылап тренингке белсене қатысыты.