6 ақпан күні "М.Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицей" КММ-де 10-11 сынып оқушыларымен "Менің 140 ұпайға жолым"атты конференция өткізілді. Мақсаты: ҰБТ және емтихандарға дайындық кезеңінде мінез-құлық тактикасын әзірлеу. Оқушыларға бірлескен шешім қабылдау үшін әртүрлі жағдайлары бар кейстер ұсынылды. Ынтымақтастық пен үйлесімді жұмыс балаларға ҰБТ-ға дайындық кезінде және ҰБТ-ны қорытынды тапсыру кезінде көмектесетін шешімдерді табуға көмектесті