«Жас мұғалімдер» айлығы аясында «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ «Мен сабаққа барамын: қарапайымнан күрделіге« тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Аталмыш іс-шарада педагог-шеберлер Даниярова С.Е., Жүзен Б.Е., Конопьянова Г.Г. өз педагогикалық қызметіндегі тәжірибелерімен бөлісті, қатысушыларды мәтінмен жұмыс жасаудағы жаңашыл әдіс-тәсілдермен таныстырды. Шара барысында жас әріптестерге оқушыларды сабаққа ынталандыру және материалды жылдам әрі толық меңгеру техникалары ұсынылды. Бұл жұмыс түрі ұстаздардың кәсіби дамуының құрамдас бөлігі және оларды өз еңбектерінде жетістікке жеткізе алады. Шеберлік сыныбы нәтижесінде жас мұғалімдер шәкірттерін биік шыңдарға жетелейтін жаңа білік пен дағды мүмкіндіктерін игерді.