"Мектеп – мейірім мекені"
1 қыркүйек - дәстүрлі түрде Білім күнін атап өтетін ерекше күн. Білім күні - кітаптар, гүлдер, достар, күлімсіреу, қуаныш мерекесі! Бұл күні Қазақстан Республикасының мектептерінде "Мектеп – мейірім мекені " тақырыбында салтанатты жиындар өтті.
Жаңа оқу жылын бастау үшін "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицей" КММ есігі оқушылар үшін қайта ашылды! Демалып келген оқушылардың барлығы алтын ұяларына қайтадан жиналды. Олар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті мұғалімдерімен кездесуге қуанды.
Мерекелі жиынға 109 бірінші сынып оқушысы, 98 түлек және олардың ата-аналары қатысты. Жаңа оқу жылының басталуымен кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Советұлы Ғабдуллин, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ бөлімінің басшысы Шынар Ерсайынқызы Сағитова, Қамқоршылық кеңесінің өкілі Маржан Асау-Бараққызы Тәжімұратова құттықтауға келді.
Мектеп директоры Касенова Бикеш Жанұзаққызы барлық қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, тек оң жаңалықтар, жақсы үлгерім мен денсаулық тіледі! 11-сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларын мектепке алғашқы қадамдарымен құттықтап, естелік ашықхаттар мен қаламдар сыйға тартты.
Жаңа оқу жылы оқушылар үшін де, педагогикалық ұжым үшін де табысқа толы берекелі жыл болсын деп тілейміз. Рухани, интеллектуалды тұлға тәрбиелеу жолында толағай табыстарға жете берейік. 2024-2025 оқу жылы баршамызға жарқын да жемісті, шығармашылыққа, қызықты әрі пайдалы қарым-қатынасқа толы жыл болсын деп тілейміз!