27 сәуірде «М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі» КММ – де буллингтің алдын алуға бағытталған «Мектеп-достық аумағы» спорттық іс-шара - футбол өткізілді. Футболға үш команда қатысты: 7-8 сынып оқушыларының құрама командасы, мұғалімдер командасы және ата-аналар командасы. Мақсаты: сынып ұжымдарында тұлғааралық қатынастарды дамыту, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы. Кездесу қорытындысы бойынша ата-аналар құрамасы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!