Ағымдағы жылдың 5 наурызында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қалалық кезеңі өтті. Форум мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту. Байқау қорытындысы бойынша бізде келесі жүлделі орындар бар:
І орын - «Жас мобилограф» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушылары Рашид Нұрайым, Мұстафа Дария, жетекшісі Гайсина А.Ж.
ІІ орын - «Мен мамандық таңдаймын...» номинациясы бойынша Серік Адиля, 8 сынып оқушысы, жетекшісі Жангалиева Н.Б. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!