2023 жылдың 2 наурызында Мағжан Жұмабаев атындағы IT- мектеп- лицейде Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық Мағжан Жұмабаев олимпиадасы өткен болатын. Осы олимпиадаға мектеп- лицей оқушылары да қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Атап өтсек,
10-сынып оқушысы Эркеуланова Ақтілек 1-орын, мұғалімі:Ауганбаева Зухра Нурмолдовна.
9-сынып оқушысы Шахатова Айгерим 2-орын, мұғалімі: Ауганбаева Зухра Нурмолдовна.
11-сынып оқушысы Кудабаева Томирис 2-орын, мұғалімі: Залелов Мирас Жанатович.
Жеңімпаздарды дайындаған пән мұғалімдері мен оқушыларымызды құттықтаймыз! Алар асу мен бағындырар белестеріміз көп болсын!