Мағжан Жұмабаев атындағы IT- мектеп- лицейде дарынды балаларды қолдау мақсатында жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. 21 желтоқсанда білім ордасын қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді , дарынды, өнерлі ,талантты шәкірттерді марапаттауға арналған іс- шара өтті. Республикалық, облыстық, қалалық сайыс жеңімпаздарын мектеп-лицей директоры Касимова Разея Ескендырқызы құттықтап, «Жыл оқушысы» атты Республикалық сайыстың қалалық, облыстық, республикалық кезең жеңімпазы 10- сынып оқушысы Нурмагамбетова Алинаға ақ жол тіледі.
- «Менің кіші Отаным» атты Республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезең жүлдегерлері;
- Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өткізілген «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты облыстық эссе байқауының қалалық, облыстық кезең жүлдегерлері;
-«Сүйемін сені, Менің Қазақстаным» облыстық шығармашылық жұмыстар байқауының қалалық кезең жүлдегерлері;
-Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық, облыстық жүлдегерлері;
-«Зерде» конкурсының қалалық, облыстық жеңімпаздары;
- Лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезең жүлдегерлері;
-Спортта да жетістіктерге қол жеткізген жеңімпаздар;
- Қайырымдылық жәрмеңке жеңімпаздары;
-«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Абай жолы» романы бойынша түсірілген бейнебаян жеңімпаздары марапатқа ие болды.
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» дегендей, бүгінгі жас дарын — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті, олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!