18 қаңтарда «М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ-де 9-11 сынып қыздарымен дәрігер-гинеколог М.В. Тимофеевамен «Қыздардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты: жастардың салауатты өмір салтына деген қазіргі көзқарасы туралы хабардарлығын анықтау. Кездесу соңында қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.