Ежелден халқым егiз өнерменен. Өнермен өрге жүзiп, ел өрлеген - дей келе М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі "Қыз-Жібек" операсына 90 жыл толуына орай, 5-ші наурыз күні әдеби-сазды музыкалық композицияға негізделген іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның құрметті қонақтары болып, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі Д.Тойбазаров және Мәдениет саласының майталманы, үздігі Ж.Айтбаев өздерінің өнердегі тәжірибелерімен, "Қыз-Жібек" туындысының көптеген сыр шертер мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушылар да белсенділігн көрсетіп, өнерлерін паш еткізді. Олардың қатарында 9 Б сынып оқушысы Жолаушина Дина, 8 В сынып оқушысы Арыстан Дінмұхаммед және 9 "А" сынып оқушылары Ерік Ернар,Серікбай Алихан.