27 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің 8 ә сыныбында «Қарттар күні» мерекесіне орай «Құрметтеймін қартымды» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: «Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру». Жас жеткіншектер ата-әжелерінің қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, ақыл кеңесінің қаншалықты маңызды екенін ұғынды.Бұған дәлел ретінде оқушылар 2 топқа бөлініп отбасына байланысты өздерініе берілген тапсырмаларды бірігіп орындап, постер құрып, жағдаяттарды талдап ортаға өз ойларын білдірді.Сабақ соңында стикерге әр оқушы өз отбасына тілек лебіздерін білдіріп тақтаға ілді.