Қыркүйек айының 27-ші жұлдызы күні 0 «Ә» сынып оқушыларымен «Құрметтеймін қартымды» тақырыбы аясында тәрбие сағаты ұймдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатында балалар шаттық шеңберінен бастап, жұмбақтар шешіп, тақпақтар мен ән айтып, қойылым қойып би де биледі. Оқушылар белсене қатыса отырып өз өнерлері мен білімдерін көрсетті. Сынып сағатымызға қонақ етіп оқушым Мейрамов Алибектің әжесі Джалмагамбетова Куляра Карымсаковна шақырылды. «Ақылды қария-ағып жатқан дария» - дегендей әжеміз балаларға жылы лебізін білдіріп, батасын берді. Тәрбие сағатының мақсаты толық ашылып,балалар білімін толықтыра алдым деген ойдамын.