"Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп – лицей" КММ-де 28 мамыр күні 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау басталды. Қазақ тілі мен орыс тілі бойынша жазбаша емтихан басталар алдында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған линейка өтті. Мектеп директоры Касенова Бикеш Жанузаковна түлектерді қорытынды аттестаттаудың басталуымен құттықтап, жоғары нәтижелер көрсетулеріне тілек білдірді.