2022-2023 оқу жылының қорытынды аттестаттаудың мерзімі
9,11(12) сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу нысаны: мектеп бітіру емтихандары
Өтетін орны: түлек оқитын мектеп базасында
9 сынып оқушылары үшін:
1) қазақ және орыс тілдерінен жазбаша емтихан (оқыту тілі) эссе нысанында-2023 жылғы 2 маусым;
2) Математика (Алгебра) бойынша жазбаша емтихан (тест) - 6 маусым 2023 жыл;
3) орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым.

11 сынып оқушылары үшін:
1) қазақ және орыс тілдерінен жазбаша емтихан (оқыту тілі) – 2023 жылғы 5 маусым;
2) алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан - 2023 жылғы 8 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
4) қазақ тілі мен әдебиеті бойынша орыс тілінде оқытатын сыныптарда және орыс тілі мен әдебиеті бойынша қазақ тілінде оқытатын сыныптарда жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
5) Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 19 маусым 2023 жыл.

ИСП "Әділет" (zan.kz)