Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Мектебімізде таңертеңнен бастап оқушылар, мұғалімдер бір-бірін құшақ жая қарсы алды. Даналық мектебінің белсенді мүшелері Ақық Баянқызы мен Сәуле Ережепқызы Көрісу күнінің құндылығын оқушыларға түсіндіріп, бауырсақ, кәмпит таратты.