«Мағжан Жұмабаев атындағы IT- мектеп-лицей» КММ Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған «Отан туралы өлеңдер!» челленджін жариялайды. Челлендж 28-30 тамыз аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында өтеді. Қатысушылар Отан туралы патриоттық өлеңдер оқып 1 немесе 2 минуттық бейнеролик түсіріп,8-747-866-78 39 WhatsApp нөміріне жіберу керек. Тапсырманың мақсаты – ұлттық мүддені білім құндылықтарының бірі ретінде сіңіру. Барлық бейнероликтер мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.