Мектебіміздің білім алушыларымен «Компьютерлік ойындар: ықтимал қауіптер. Интернеттегі байланыс» тақырыбында тренингтік сабақ өткізілді. Балалар цифрлық әлемнің пайдасымен қатар, ондағы қауіптер туралы ой бөлісіп, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін талқылады. Тренинг барысында топтық тапсырмалар, рөлдік ойындар және жағдаяттарды шешу арқылы өзара пікір алмасып, саналы таңдау жасаудың маңыздылығын түсінді. Қауіпсіз интернет — әрбір баланың құқығы! Цифрлық сауаттылықты бірге арттырайық!